
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаев ШЫҰ-ның жасыл және орнықты даму жөніндегі форумына қатысты.
Форум ШЫҰ елдері арасындағы жасыл және тұрақты даму саласындағы практикалық ынтымақтастықты ілгерілетуге және жасыл, төмен көміртекті трансформацияға жәрдемдесуге бағытталған.
М. Ошурбаев өз сөзінде климаттың өзгеруі, экология, су ресурстарын басқару және орнықты даму мәселелері бойынша ортақ шараларды күшейтудің және келісілген шешімдерді әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың 22 сәуірінде Астанада Өңірлік экологиялық саммит аясында «ШЫҰ мен ЮНЕП экологиялық серіктестігі: өңірдің тұрақты болашағы үшін бірлескен іс-қимыл» атты жоғары деңгейдегі арнайы сессия өтті.