
Бүгін республика бойынша «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында жаппай тал егу және санитарлық тазарту акциясы өтті.
Іс-шара қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру және халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.
Жалпы, «Таза Қазақстан» бастамасы іске асырылған кезеңде республика бойынша 1,5 мыңнан астам экологиялық іс-шара өткізілді. Нәтижесінде 2 млн тоннадан астам қалдық жиналып, 5,5 млн-ға жуық ағаш отырғызылды. Жыл сайын акцияларға 6,5 млн-ға жуық адам қатысады.
Азаматтардың экологиялық белсенділігі артып келеді. Атап айтқанда, TazaQazBot арқылы келіп түсетін өтініштер саны 2024 жылғы 9 935-тен 2025 жылы 26 137-ге дейін өсіп, шамамен 3 есеге артты. Платформа арқылы ел аумағында санитарлық тазарту жұмыстары туралы хабарламалар қабылданып, тиісті шаралар қабылдануда.
Инфрақұрылымды дамыту шеңберінде 276 км веложол салынып, 469 электр көліктеріне арналған зарядтау станциясы орнатылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес орман қорын ұлғайту жұмыстары жүргізілуде. 2021–2025 жылдары 1,6 млрд-тан астам көшет отырғызылды. Оның ішінде соңғы екі жылда 804 млн көшет егілді. 2026 жылға жоспар – 210,4 млн көшет.
Қалдықтарды басқару саласында тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі 30,7%-ға дейін ұлғайды. Биыл бұл көрсеткішті 40%-ға жеткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, алдағы үш жылда 46 эко-аумақ құру көзделген, оның 33-і ағымдағы жылы іске асырылады.
2026 жылға арналған Бірыңғай іс-шаралар күнтізбесі бекітіліп, 440 іс-шараны қамтиды, оның ішінде 110-ы – жалпыұлттық маңызы бар негізгі іс-шаралар.