
Іс-шараға Қазақстан, Түркия, Бразилия, Қытай және Оңтүстік Африка елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты.
Қатысушылар көміртекті баға белгілеудің, оның ішінде шығарындылар саудасы жүйелері мен көміртек салығының климаттық мақсаттарға қол жеткізудегі және инвестицияларды тартудағы рөлін талқылады. Сондай-ақ Partnership for Market Implementation аясында елдер арасындағы тәжірибе алмасуға және ұлттық көміртегі нарықтарын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша көміртегі нарықтарын одан әрі дамыту және орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін халықаралық ынтымақтастық пен күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығы атап өтілді