Қазақстан мен Германия тұрақты даму және климаттық саясат саласындағы әріптестікті күшейтуде

Қазақстан мен Германия тұрақты даму және климаттық саясат саласындағы әріптестікті күшейтуде

Астана қаласында өткен Өңірлік экологиялық саммит аясында Берлин Еуразиялық клубының 46-отырысы өтті.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Германияның Экологиялық мәселелер жөніндегі тәуелсіз институты UFU арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын дамытуға, талдамалық деректер алмасуға және климат саясаты саласындағы институционалдық әлеуетті нығайтуға бағытталған.

ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаев құжатқа қол қою Қазақстан мен Германия арасындағы экологиялық саладағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейтудегі маңызды қадам екенін атап өтті.

GIZ ұйымымен әріптестік алдағы уақытта да бірлескен бастамаларды тиімді жүзеге асыруға, сондай-ақ «Жасыл Орталық Азия» өңірлік бастамасы аясындағы жүйелі әрі нәтижелі жұмысты жалғастыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Тараптар климатқа бейімделу, тұрақты даму және жасыл технологияларды енгізу бағыттарындағы алдағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар климаттық және экологиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған бірлескен жобаларды іс жүзінде жүзеге асыру және әріптестікті одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігін растады.