Экологиялық мәселелер бойынша заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын қолдану

Экологиялық мәселелер бойынша заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын қолдану

2026 жылғы 24 сәуірде Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің үшінші күні аясында экология саласында заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын қолдануға арналған тақырыптық панельдік сессия өтті.

Іс-шараны ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК ұйымдастырып, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен өткізілді. Талқылауға халықаралық сарапшылар, оның ішінде Olena Bura мен Nicholas Smith қатысты.

Сессия модераторы, IDC вице-президенті Андрей Беклемишев диалог пен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын белгіледі. ҚОҚ АТО бас директоры Асхат Кожумов KazDevLab IT-компаниясымен бірлесіп экологияда ЖИ-аналитиканы енгізу тәжірибесін ұсынды. ҚР ЖИЦДМ өңірлердің цифрлық даму департаментінің директоры Назгуль Бажаева ЖИ негізіндегі G2C жобалары туралы мәлімдеді, ал Орталық Азия климаттық ақпараттық платформасының үйлестірушісі Азамат Кауазов Орталық Азия климаттық порталының мүмкіндіктерін таныстырды.

Сессия тәжірибе алмасу, салааралық өзара іс-қимылды дамыту және өңірде тұрақты к