
Өңірлік экологиялық саммиті аясында Астанада Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) аясындағы Экологиялық ынтымақтастық платформасының алғашқы диалогы өтті.
Іс-шараға ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері мен Ұйымның Хатшылығы қатысты. Диалог өңірлік экологиялық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және өзекті экологиялық мәселелер бойынша ортақ тәсілдерді қалыптастыруға арналды.
Жиында климаттың өзгеруі, су тапшылығы, жердің тозуы және биоалуантүрліліктің азаюы өңірдің орнықты дамуына тікелей әсер ететіні атап өтілді.
ЭЫҰ аясында экологиялық мәселелер бойынша практикалық ынтымақтастықты күшейту қажеттілігі ерекше аталды.
Талқыланған негізгі бағыттар:
Қазақстанның 2027 жылға дейін 2 млрд ағаш отырғызу бағдарламасы және Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп жатқан орман-мелиорациялық жұмыстар ерекше атап өтілді.
Сондай-ақ Қазақстан «Орталық Азияның жасыл қалқаны» өңірлік бастамасын таныстырып, ЭЫҰ елдерін оған қосылуға шақырды.
Кездесу қорытындысында ЭЫҰаясындағы экологиялық диалогты одан әрі дамыту және өңірлік практикалық ынтымақтастықты тереңдету қажеттілігі расталды.