Орталық Азия климаттық жобаларға инвестиция тартудың практикалық тетіктерін талқылауда

Орталық Азия климаттық жобаларға инвестиция тартудың практикалық тетіктерін талқылауда

Өңірлік экологиялық саммит аясында Орталық Азиядағы климаттың өзгеруіне инвестиция салу жолдары тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға өңір елдерінің үкімет өкілдері, халықаралық қаржы институттары мен даму ұйымдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара Орталық Азия елдері климаттық күн тәртібін қалыптастыру кезеңінен оны практикалық іске асыру кезеңіне көшіп жатқан маңызды сәтте өтті. Негізгі назар ұлттық деңгейде айқындалатын үлестерді (ОНУВ) қаржыландыру, іске асыру және мониторингтің нақты тетіктері бар нақты инвестициялық жобаларға айналдыруға аударылды.

Сессияның мақсаты — тұрақты климаттық инвестициялар портфелін қалыптастыру үшін ұлттық басымдықтар мен халықаралық қаржылық мүмкіндіктерді үйлестіру, сондай-ақ өңірлік деңгейде келісілген тәсілдерді әзірлеу.

Дөңгелек үстелді Жасыл климат қорының (GCF) өңірлік директоры Томас Эриксон модерациялады. Құттықтау сөздерімен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Хаолянь Шу және GCF өкілдері сөз сөйлеп, климаттық қаржыландыруды жеделдетудің және елдердің инвестициялық жобаларды іске асыруға дайындығын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Спикерлер қатарында Орталық Азия елдерінің министрлері мен салалық ведомстволардың басшылары, оның ішінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, сондай-ақ Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Түрікменстан және Тәжікстан Республикасының өкілдері бар.

Талқылаулар барысында инвестициялық жобаларды дайындау және ілгерілетудің практикалық құралдарына, оның ішінде елдік платформаларды дамытуға, институционалдық дайындықты күшейтуге, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарымен өзара іс-қимылдың ашық және тұрақты тетіктерін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, Орталық Азия мемлекеттерінің күш-жігерін үйлестіруге, инвестицияларды кеңейтуге, климаттық тәуекелдерді азайтуға және төмен көміртекті дамуға көшу үдерісін жеделдетуге бағытталған Өңірлік климаттық инвестициялық стратегияны әзірлеуге ерекше мән берілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша «Орталық Азиядағы климаттық инвестициялар жолдары» атты бірлескен коммюнике қабылданып, онда басым бағыттар, мақсатты көрсеткіштер және үйлестіру тетіктері айқындалды.

Сондай-ақ Қазақстан үшін елдік платформаның дайындық деңгейін қамтамасыз етуге қатысты нақты ұсыныстар әзірленуде. Бұл платформа климаттық қаржыландыруды тартудың және инвестициялық жобаларды іске асырудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.

Сессия нәтижелері өңірдегі климаттық бастамаларды кең ауқымда іске асыруға көшуге және Орталық Азия мемлекеттері мен халықаралық даму институттары арасындағы әріптестікті нығайтуға практикалық негіз болады деп күтілуде.