
Бүгін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың Базель, Роттердам және Стокгольм конвенцияларының атқарушы хатшысы Рольф Пайетпен екіжақты кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар қауіпті қалдықтарды басқаруды, химиялық заттарды бақылауды және тұрақты органикалық ластағыштар бойынша міндеттемелерді орындауды қоса алғанда, аталған конвенциялар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Қазақстандық тарап ұлттық деңгейде іске асырылып жатқан экологиялық қауіпсіздік саласындағы шаралар мен жобалар туралы ақпарат ұсынды.
Тараптар халықаралық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту, оның ішінде тәжірибе алмасу, бірлескен бастамаларды іске асыру және техникалық қолдауды кеңейту перспективаларына ерекше назар аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты нығайтуға және өзекті экологиялық міндеттерді шешу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға өзара мүдделілік расталды.