Анонс

Анонс

2026 жылғы 9 сәуірде Қостанай облысы, Рудный қаласында «Еділ и компания» ЖШС-нің қалдықтарды қайта өңдеуге арналған жаңа зауытына қатысты баспасөз туры өтеді.

Аталған кәсіпорын автомобиль шиналарын қайта өңдеумен айналысады. Жобаның жалпы құны - 354,5 млн теңге. Зауыт «Жасыл даму» АҚ тарапынан утильдік алым қаражаты есебінен қаржыландырылып, пайдалануға берілді.

Бұл жоба «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық жағдайды жақсартуға, қалдықтарды тиімді басқаруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Өтетін орны: Рудный қаласының маңындағы Перцевка ауылдық аумағында орналасқан өндірістік алаң.

Уақыты: 11:00

Байланыс нөмірі: «Еділ и компания» ЖШС басшысы -
Мартиросян Александр Александрович – +7 919 319-89-35 (WhatsApp)

«Жасыл даму» АҚ Қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Дүйсебай Нұржан: 8 702 583 73 31

ҚР ЭТРМ баспасөз қызметі: 8 701 272 04 65