Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің министрліктері мен ведомстволары басшыларының жетінші Кеңесі

Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің министрліктері мен ведомстволары басшыларының жетінші Кеңесі

2026 жылғы 3 сәуірде Бішкек қаласында Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің министрліктері мен ведомстволары басшыларының жетінші кеңесі өтті, оның жұмысына Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Құрмалаев қатысты.

Кеңес басталар алдында ШЫҰ елдері делегацияларының басшылары «Али-Арча» мемлекеттік табиғи паркінің аумағына ағаш отырғызуға қатысты, осылайша ШЫҰ өңірі елдерінің экожүйелерді қалпына келтірудегі бірлігін және орнықты даму қағидаттарына бейілділігін растады.

Кеңес барысында тараптар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы пікір алмасты.

«Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылғанына 25 жыл толуы аясында ол өзін сенімді нығайту, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту және заманауи сын - тегеуріндерге бірлесіп әрекет ету үшін беделді және тиімді алаң ретінде көрсетті», - деп атап өтті Н.Құрмалаев өз сөзінде.

2026 жылғы 22-24 сәуірде Астана қаласында Өңірлік экологиялық саммит өткізу туралы айта келе, қазақстандық тарап ШЫҰ-ның барлық елдерін Саммиттің жұмысына және оның шеңберінде жоспарланып отырған «ШЫҰ мен ЮНЕП экологиялық әріптестігі: өңірдің орнықты болашағы үшін бірлескен іс-қимыл» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі арнайы сессияға белсенді қатысуға шақырды.

Тараптар атмосфералық ауаның сапасын жақсарту жөніндегі бастаманы мақұлдады және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Еуразияның биоәртүрлілігін сақтау және орнықты басқару жөніндегі бірлескен іс-қимылдары жөніндегі бастамасының жобаларын және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Еуразияның биоәртүрлілігін сақтау және орнықты басқару жөніндегі 2026-2031 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын қарауды жалғастыруға уағдаласты.

Іс-шара қорытындысы бойынша бірлескен өтініш пен кеңес хаттамасына қол қойылды.

Кеңес шеңберінде вице-министр Н. Құрмалаевтың Қырғыз Республикасының Табиғат, экологиялық және техникалық қадағалау министрі А.Тоқтобаевпен екіжақты кездесуі өтті, оның барысында тараптар Орталық Азия өңірінің экологиялық сын-қатерлерін шешу үшін екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын растады.