«Экоқорғаушылар» еріктілер тобының қатысушыларымен кездесу

«Экоқорғаушылар» еріктілер тобының қатысушыларымен кездесу

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Молдаш Каналиев атындағы мектебінің оқушыларымен-«Экоқорғаушылар» еріктілер тобының қатысушыларымен кездесуі өтті.

Еріктілер тобы 2022 жылы құрылды және қазіргі уақытта 40-қа жуық оқушыны біріктіреді. Оқушылар табиғатты қорғау іс-шараларына, соның ішінде балықты құтқару, өзен жағалауларын тазарту, бұлақ көздерін ашу, ағаш отырғызу және қалдықтарды қайта өңдеуге беру шараларына белсенді қатысады.

Бүгінгі таңда Экоқорғаушылардың жұмыс нәтижелері бар, олар 5000-ға жуық балықты құтқарды, 2 бұлақ ашылды, 100-ге жуық ағаш отырғызылды, 500 кг қоқыс өңдеуге берілді.

Кездесу барысында Министр оқушыларға белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс айтып, олардың үлгісі жастар арасында экологиялық волонтерлікті насихаттауға ықпал ететінін атап өтіп, волонтерлік топтың ең белсенді қатысушыларына және олардың басшыларына алғыс хаттар табыстады.