Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдауын өткізді.

Кездесу Азаматтарды қабылдау орталығында оффлайн режимінде өтті.

Ақмола облысының қоғам қайраткері Н.Катчиев кездесуде елді мекендердің маңындағы қоқыс үйінділері мен қоқыс полигондары, елді мекендерді көгалдандыру, Қазгидрометтің бақылау бекеттерін жаңарту және қоғамдық тыңдаулар мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін көтерді.

Кездесуде Абай облысынан «ПКФ «Семей Сталь Сервис» ЖШС өкілдеріне экологиялық заңнаманың сақталуына тексеру жүргізуге қатысты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің нормалары түсіндірілді.

Барлық сұрақтарға жеке қабылдауға қатысушылар егжей-тегжейлі түсініктеме алып, министр бейінді бөлімшелерге тапсырмалар берді.