Қазақстан Республикасындағы Латвия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесу

Қазақстан Республикасындағы Латвия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесу

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінде вице-министр Н.К.Шарбиевтің Қазақстан Республикасындағы Латвия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рутка Дасемен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, орман шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударды. Сондай-ақ орман ресурстарын тұрақты басқару және орман экожүйелерін сақтау бойынша тәжірибе алмасу мәселелері қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экологиялық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.