
2026 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаев жапония делегациясының өкілдерімен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар экологиялық таза технологияларды енгізуге және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған бірлескен кредиттік тетік (JCM) жобаларын іске асыру шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар климаттық бастамаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және әріптестікті дамытуға мүдделілік білдірді.