Экологиялық мәдениетті арттыру және қоршаған ортаны қорғау туралы

Экологиялық мәдениетті арттыру және қоршаған ортаны қорғау туралы

Бүгін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кеңейтілген алқасында вице-министр Мансұр Ошурбаев елімізде экологиялық күн тәртібінің қалай жүйелі түрде іске асырылып жатқаны және алдағы жылдарға қандай міндеттер тұрғаны туралы айтып берді.

Не істелінді

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында 2025 жылы бүкіл ел бойынша 1294 экологиялық акция өтті. Оларға 6,9 млн-ға жуық адам, оның ішінде 781 мың еріктілер қатысты. Нәтижесінде 884,3 мың тонна қоқыс жиналып, 1,1 млн гектар аумақ тазартылды.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін өңірлерде ең таза ауылдық округ пен аулаға конкурстар, мектеп жарыстары мен шығармалар конкурстары өткізілді.

2024 жылдың маусым айынан бастап @TazaQazBot чат-боты жұмыс істейді. 2025 жылы чат-бот арқылы 26 мыңнан астам өтініш келіп түсті, оның 24 мыңнан астамы орындалды. Көбінесе адамдар аумақтарды жинау, қоқыстарды шығару, көшелерді абаттандыру және жолдарды жөндеу мәселелері бойынша жүгінетін. Чатбот мемлекет пен халық арасындағы кері байланыстың ыңғайлы құралына айналды.

Ағымдағы жылға арналған жоспарлар

Наурыз айынан бастап оңтүстік өңірлерде аумақтарды, су айдындары мен бұлақтарды тазарту, сондай-ақ ағаш отырғызу бойынша акциялар басталады. Ауа райы қолайлы болған сәттен осындай шаралар елдің солтүстік аймақтарында да өтеді.

Өңірлік экологиялық саммит

2026 жылғы сәуірде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлесіп Өңірлік экологиялық саммит өткізіледі. Ол Орталық Азияның экологиялық және климаттық мәселелерін талқылау үшін негізгі алаңға айналады.

Саммит аясында RES EXPO 2026 Халықаралық жасыл технологиялар көрмесі жоспарланған, онда өңір елдерінің ұлттық павильондары ұсынылады. Мемлекет басшыларының декларациясын және БҰҰ агенттіктерімен 2030 жылға дейінгі іс-қимыл бағдарламасын қоса алғанда, қорытынды құжаттар қабылданады деп күтілуде. Әлеуметтік желілердегі саммиттің ресми сайты мен беттері іске қосылды.

Сондай-ақ, баяндама барысында халықаралық ынтымақтастық, климаттық саясат, метеорологиялық қызметті дамыту және Каспий теңізімен ахуал мәселелері қозғалды.

Қорытындылай келе, экологиялық күн тәртібі елдің стратегиялық басымдығы болып қала беретіні атап өтілді. Министрлік халықаралық ынтымақтастықты дамыту, мониторинг жүйесін жетілдіру және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі практикалық шараларды іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.