
Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Аналитика мектебінің 5-ағыны тыңдаушыларымен өткен консультациялық кездесуге қатысты.
Іс-шараға Сенат жанындағы Аналитика мектебінің тыңдаушылары, сараптамалық қауымдастық өкілдері мен жобалық командалар қатысып, биоалуантүрлілікті сақтау, климаттың өзгеруі және қалдықтарды басқару мәселелерін қоса алғанда, экологиялық саясаттың негізгі басымдықтарын талқылады.
Кездесу барысында Министр тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыруда, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруіне бейімделу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану салаларында аналитика мен дәлелдерге негізделген тәсілдердің рөлі артып келе жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, Министрліктің салалық департаменттерінің директорлары мен БҰҰ Даму бағдарламасының (ПРООН) Қазақстандағы Тұрақты өкілі К. Вавьерниа тыңдаушылар алдында сөз сөйлеп, «Сұрақ-жауап» сессиясы барысында Аналитика мектебі тыңдаушыларының сауалдарына жауап берді.
«Мұндай іс-шаралар ерекше маңызды, себебі тиімді экологиялық саясат тек қана жоғары мақсаттарға емес, сонымен қатар дәлелдерге, аналитикалық мүмкіндіктерге және саналы талқылауға негізделуі тиіс. ПРООН Қазақстанға ұлттық стратегиялар мен іс-қимыл жоспарларын әзірлеуде аналитикалық және техникалық қолдау көрсетіп келе жатқанын мақтан тұтады. Бұл ұлттық басымдықтардың жаһандық міндеттемелерге сәйкестігін қамтамасыз етіп қана қоймай, оларды Қазақстанның ұлттық даму контексіне тиімді түрде интеграциялауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті К. Вавьерниа ханым.
Кездесу соңында Е. Нысанбаев кәсіби аналитиктерді даярлаудың маңыздылығын атап өтіп, еліміздің экологиялық саясатын жетілдіру барысында аналитикалық әзірлемелерді тәжірибеде қолдануға Министрліктің мүдделі екенін білдірді.