
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Асхат Сұлтанбекұлы Қожумов «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК Бас директоры болып тағайындалды.
А.С. Қожумов Орал қаласының тумасы.
БҚИГУ (бакалавр – құқықтану), Самара мемлекеттік университетінің (магистратура - экономика және бизнес), Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің (магистратура – құқықтану), ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының (докторантура - мемлекеттік басқару) түлегі.
Еңбек жолын 2014 жылы жеке компанияның директоры болып бастаған. Оқытушылық тәжірибесі бар, квазимемлекеттік құрылымдарда және «Астана» халықаралық қаржы орталығында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2025 жылғы тамыздан бастап осы уақытқа дейін ҚР ЭТРМ «Қоршаған ортаны қорғау АТО» ШЖҚ РМК экологиялық ақпарат мемлекеттік қоры департаментінің директоры, кейін Бас директордың міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.