Арал теңізінің құрғаған табанындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша кеңес өтті

Арал теңізінің құрғаған табанындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша кеңес өтті

2026 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Арал теңізінің құрғаған табанындағы (АТҚТ) жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысына арналған жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңес барысында 2021 жылдан бастап АТҚТ өңірдегі экологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында жүйелі түрде орман мелиорациясы жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Аталған жұмыс кезеңінде 1,0 млн гектар аумақ қамтылды: 3 223,4 тонна сексеуіл және галофит бұталарының тұқымдары, сондай-ақ 53,2 млн сексеуіл көшеттері отырғызылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Министр А.Н. Бөкейхан ҚазОШАҒЗИ атындағы ғылыми мамандарына Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ғылыми сүйемелдеу жасауды, сондай-ақ, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына отырғызу жұмыстарына бақылау жүргізу тапсырылды. Бұдан бөлек, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Арал теңізінің құрғаған табанында атқарылатын жұмыстардың уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету жүктелді.