Шығарындылар саудасы нарығын іске асыру жөніндегі әріптестік жобасы

Шығарындылар саудасы нарығын іске асыру жөніндегі әріптестік жобасы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Дүниежүзілік банктің «Шығарындылар саудасы нарығын іске асыру жөніндегі әріптестік» жобасын (бұдан әрі - ЖІТ) іске асыруда. Дүниежүзілік банктің талаптарына сәйкес жоба шеңберінде «Шағымдарды қарау тетігі» жұмыс істейді.

Шағымдарды қарау тетігі ЖІТ жобасын іске асыруға байланысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қабылдауды, тіркеуді және қарауды қамтамасыз етеді.

Өтініштерді қарау Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Әкімшілік іс жүргізу кодексінің 22-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Жоба бойынша өтініштер мен шағымдар e-Otinish (https://eotinish.kz/ru) мемлекеттік порталы арқылы беріледі. Жасырын өтініштер қарауға қабылданбайды. Әрбiр келiп түскен өтiнiш жеке сәйкестендiру нөмiрi берiле отырып, мiндеттi тiркеуге жатады. Өтiнiш берушiге өтiнiштiң қабылданғаны туралы, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарға сәйкес оны қарау мерзiмдерi мен тәртiбi туралы хабарланады. Құпия сипаттағы мәліметтерді қамтитын өтініштер мен шағымдар құпиялылық талаптарын сақтай отырып қаралады және тек қана уәкілетті мамандарға беріледі.