
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. Кездесу онлайн және офлайн аралас форматта өтті.
Министрмен кездесуге Астана қаласының тұрғыны Г.Идирисова қатысты. Өз сөзінде Астана қаласының экологиялық мәселелерін көтерді: шаң, күкіртсутек, азот және көміртек оксидтері.
Өтініш беруші Д. Тұрсағатов жеке қабылдау кезінде кәдеге жарату төлемдері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) жекелеген түрлерінің тізбесіне жаңа позицияларды енгізуге қатысты өз презентациясын ұсынды.
Бейнеконференц байланыс режимінде Е. Оразалинов қосылып, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың экология департаменттерінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарын уақтылы өзектендіру мәселелерін көтерді.
Қабылдау барысында министр келіп түскен барлық сұрақтарға толық жауап берді. Қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер жеке бақылауына алынды. Айтылған мәселелерді жедел шешу үшін Министрліктің құзыретті комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, Министр азаматтарды жеке қабылдауды өңірлерде де, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйінің 16 кіреберісінде орналасқан азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында да жүргізеді.