Бүгін Халықаралық қар барысы күні

Бүгін Халықаралық қар барысы күні

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бұл туралы Twitter парақшасында жазды:

"Бүгін, яғни 23 қазан күні Халырақалық қар барысы күні аталып өтуде. Қазақстанда 120-130 бас ілбіс бар десек, олардың саны жыл сайын азайып келеді. Барыстың фототұзаққа түсіп қалатын сирек кадрлары жыртқыш аңның популяциясын зерттеуде өте бағалы. Мұндай атаулы күн қар барысы мен оның мекен ету ортасын сақтап қалу проблемасына қоғам назарын көбірек аударуға септігін тигізетініне сенемін", - деп жазды министр.