
Астанада RES 2026 EXPO халықаралық көрмесінің ресми презентациясы өтті, ол - 2026 жылғы Орталық Азия өңірлік экологиялық саммитінің (РЭС-2026) орталық бөлігі. Іс-шараны Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (IGTIC) және Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырады.
Көрме мен саммит орнықты дамудың, экология мен жасыл технологиялардың негізгі мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдардың, бизнес-қауымдастықтың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми және сарапшылар қоғамдастығының өкілдерін біріктіреді.
Таныстырылымды аша отырып, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М. Ошурбаев экологиялық сын-қатерлер үйлестірілген және жаһандық шешімдерді талап ететінін атап өтті:
«Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өткендей, экологиялық төтенше жағдай дегеніміз – үйлестірілген жауапты талап ететін жаһандық дағдарыс. Планетамызды сақтап қалу үшін және орнықты болашақты қамтамасыз ету үшін бәріміз бірдей жауаптымыз. Сондықтан да өңірдің орнықты болашағының ортақ пайымын қалыптастыру мақсатында БҰҰ қолдаған Орталық Азия-ның 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммиті ұйымдастырылды. Саммит трансшекаралық су-лар, климаттың өзгеруі және биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелерін қоса алғанда, неғұрлым өзекті экологиялық сын-тегеуріндермен күресу үшін саяси ерік-жігерді, ғылыми білім мен практикалық шешімдерді қамтуы тиіс».
Презентация шеңберінде қатысушыларға RES 2026 EXPO тұжырымдамасы, негізгі бағыт-тары, қатысу форматы, көрменің мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ серіктестер, экспоненттер мен инвесторлар үшін ауқымды мүмкіндіктер ұсынылды. IGTIC Басқарма Төрағасы Сәкен Қалқаманов халықаралық қатысушылардың қызығушылық танытқанын және дайындықтың ауқымды жүргізіліп жатқанын атап өтті:
«Көрме экологиялық инновацияларды көрсетуге, өңірдің экологиялық трансформаци-ясын жеделдетуге ықпал ететін тәжірибе алмасу мен технологияларды ілгерілетуге арналған халықаралық тұғырнама ретінде айқындалады. Қазірдің өзінде 11 мың шаршы метр аумақ жалға алынды, түрлі елдердің ірі компаниялары мен елшіліктері көрмеге қатысуға мүдделі - жан-жақты белсенділік танытып отыр».
Іс-шарада жасыл экономика саласындағы халықаралық ынтымақтастық және Орталық Азияның экологиялық күн тәртібін өзгертуге қабілетті технологиялық шешімдерді енгізу мәселе-леріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар мемлекеттік органдармен, бизнеспен және ха-лықаралық институттармен тікелей диалог орнатуға, сондай-ақ халықаралық аренада өз әзірле-мелерін ұсынуға мүмкіндік алды.
RES 2026 EXPO жобасының жетекшісі Шыңғыс Шер болашақ оқиғаның стратегиялық маңыздылығын атап көрсетті:
«RES 2026 EXPO - бұл жай ғана қатардағы оқиға емес, бұл - біздің планетамыз үшін ұзақ мерзімді және маңызды өзгерістер жасауға бағытталған қозғалыс. Ынтымақтастық пен инновация арқылы біз тұрақты болашаққа өтуді жеделдетуге ұмтыламыз, онда жасалған әрбір қадам - экология мен болашақ ұрпақтың қамы үшін қол жеткен жеңіс іспетті».
Іс-шараның маңызды бөлігі RES 2026 EXPO Ұйымдастыру комитетінің марапаттау рәсімі болды, оған Smart Plastic Zone жобасының табысты қатысқанын растайтын алтын экологиялық белгі мен сертификат табыс етілді. Награда пластикпен тұрақты жұмыс істеу тәжірибесі енгізіліп жатқанын және экологиялық жауапкершілікті дамытуға елеулі үлес қосылғанын куәландырады.
Алтын экологиялық белгі пластикті пайдалануды барынша азайтқан, баламалы материалдарды енгізген, пластикалық қалдықтарды бөлек жинауды және қайта өңдеуге беруді қамтамасыз еткен объектілерге беріледі. Марапатты салтанатты түрде Green Urban Ассоциациясы Кеңесінің төрағасы Юлия Якупбаева тапсырды.
RES 2026 EXPO презентациясы барлық мүдделі тараптар арасындағы диалогты нығайту және 2026 жылы өтетін ауқымды экологиялық форум үшін жоғары меже қою арқылы халықаралық іс-шараға дайындықтың маңызды кезеңі болды.