
2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Астана қаласында Өңірлік экологиялық саммит 2026 (Саммит) өтеді.
Саммит Орталық Азия елдерін климат пен экология саласындағы негізгі мәселелер бойынша келісілген диалог қалыптастыру мақсатында біріктіреді. Саммиттің тақырыптық бағдарламасы климаттық өтуді қолдауды, экологиялық және табиғи қатерлерге бейімделу мен экономикалық тұрақтылықты, азық-түлік қауіпсіздігі мен өңір экожүйелерін, табиғи ресурстарды орнықты басқаруды, атмосфералық ауаның ластануына қарсы күресті және қалдықтарды басқаруды, әділетті әрі инклюзивті өңірлік өтуді, экологиялық мақсаттарға қол жеткізу тетіктерін, сондай-ақ орнықты болашақ үшін экологиялық және цифрлық құзыреттерді қамтиды.
Іс-шараға өңір елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдері, халықаралық ұйымдар, даму институттары, ғылыми қауымдастық, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері қатысады. Шамамен 1500 делегаттың қатысуы күтілуде.
Саммит аясында орнықты даму саласындағы практикалық технологиялық және инвестициялық шешімдерді көрсетуге бағытталған «RES 2026 EXPO» халықаралық экологиялық және жасыл технологиялар көрмесін өткізу көзделген.
Өңірлік экологиялық саммит 2026 бойынша байланыс деректері: E-mail: office@caclimate.fund
«RES 2026 EXPO» халықаралық көрмесіне қатысу мәселелері бойынша байланыс деректері: E-mail: partnership@res2026expo.kz