Қоршаған ортаны қорғау және Сырдария өзені бассейнінің су сапасы мәселелері жөніндегі Қазақстан-өзбекстан бірлескен жұмыс тобының (Комиссиясының) сегізінші отырысы

Қоршаған ортаны қорғау және Сырдария өзені бассейнінің су сапасы мәселелері жөніндегі Қазақстан-өзбекстан бірлескен жұмыс тобының (Комиссиясының) сегізінші отырысы

2025 жылғы 11 желтоқсанда Астана қаласында гибридті форматта Қоршаған ортаны қорғау және Сырдария өзені бассейнінің су сапасы мәселелері жөніндегі Қазақстан-өзбекстан бірлескен жұмыс тобының (Комиссиясының) (бұдан әрі – Жұмыс тобы) сегізінші отырысы өтті.

Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі аппаратының басшысы  Қ.Ә. Беков, өзбекстан тарапынан Өзбекстан Республикасы Экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитеті төрағасының орынбасары
И.А. Кутбиддинов төрағалық етті.

Отырысқа Жұмыс тобының мүшелері, сондай-ақ байқаушылар ретінде Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Түрікменстанның өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Сырдария өзенінде су сапасына келісілген мониторинг жүргізуге, су сапасына мониторинг нәтижелері бойынша деректер алмасуға, Салар каналы мен Арыс өзенінің ластануының ықтимал көздеріне түгендеу, Сырдария ауданындағы «ВЖД» және Мақтаарал ауданындағы «Тоқсансай» коллекторларына мониторинг жүргізуге, кәсіпорындарда төгінділерге мониторинг жүргізу және мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасуға, вегетациялық кезеңнен өткеннен кейін ҚР ЭТРМ ЭРБК аумақтық бөлімшесінің зертханасын тарта отырып, «Чиназ» (Өзбекстан Республикасы) тұстамасында су сынамаларын бірлесіп іріктеуге қатысты Жұмыс тобының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалуы туралы мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, отырыс шеңберінде Жұмыс тобының қызметін қолдауды, трансшекаралық ынтымақтастықты дамытуды, сондай-ақ Жұмыс тобы жұмысының ғылыми құрамдас бөлігін күшейту үшін Орталық Азия елдері академиялық қоғамдастығының сараптамалық әлеуетін тартуды қоса алғанда, 2029 жылға дейінгі Blue Peace Орталық Азия жобасының жоспарлары ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Жұмыс тобының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары қабылданды.