2024 жылға арналған қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндама

2024 жылға арналған қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндама

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылға арналған қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндама дайындады.

Ұлттық баяндама жыл сайын 02.01.2021 жылғы ҚР Экологиялық Кодексінің 23-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленеді және қоршаған ортаның және оның компоненттерінің (атмосфералық ауа, жер үсті және жерасты сулары, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі) жай-күйі туралы, сондай-ақ табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен болған өзгерістер туралы жүйеленген талдамалық ақпарат болып табылады.

Баяндама орталық және жергілікті атқарушы органдардан, үкіметтік емес ұйымдардан, сондай-ақ «Қазгидромет» РМК-дан алынған ресми ақпарат негізінде дайындалды. Салыстырмалы сандық деректер Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының электрондық бюллетеньдеріне сәйкес келтірілген https://stat.gov.kz/.

Ұлттық баяндаманың материалдарын жүйелеу және бөлімдерін қалыптастыру жұмыстарын ҚР ЭТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК орындады.

Өткен жылдардағы қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндаманың электрондық нұсқалары ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/activities/directions?lang=kk және Бірыңғай экологиялық интернет-ресурста https://ecogosfond.kz/orhusskaja-konvencija/dostup-k-jekologicheskoj-informacii/jekologijaly-zha-daj/r-orsha-an-ortany-zhaj-k-ji-turaly-ltty-bajandamalar/ жарияланған.