
2025 жылдың 8 желтоқсанында Найроби қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымы Ассамблеясының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жетінші сессиясының жұмысы басталды (ЮНЕА-7).
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М. Ошурбаев бастаған қазақстандық делегация ЮНЕА-7 жұмысына қатысады.
2025 жылғы 9 желтоқсанда ЮНЕА-7 алаңында вице-министр М. Ошурбаевтың Кения Республикасының Қоршаған орта, климаттың өзгеруі және орман шаруашылығы министрі Д. Барасамен, БҰҰ Бас Хатшысының Орынбасары – БҰҰ-Хабитат атқарушы директоры А. Россбахпен, Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының төрағасы Дж. Скиа, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының (ЮНЕП) атқарушы директоры И.Андерсенмен екі жақты кездесулер өткізілді.
Сондай-ақ, халықаралық ұйымдар мен шетелдік делегациялардың бірінші басшылары қатысқан «Теңіздер мен көлдердің тартылуы – ХХІ ғасырдың жаһандық апаты» тақырыбында Қазақстанның ресми сайд-ивенті өткізілді.
ЮНЕА-7 жұмысы аяқталғанға дейін қазақстандық делегация көпжақты экологиялық келісімдер (КЭК) күніне арналған іс-шараларға, сондай-ақ көпжақты экологиялық келісімдер арқылы орнықты даму мақсаттарын іске асыруды күшейтуге қатысуды жоспарлап отыр.
ЮНЕА-экологиялық мәселелер бойынша шешім қабылдайтын БҰҰ-ның ең жоғары жаһандық органы.