Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының төрағасымен кездесу

Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының төрағасымен кездесу

UNEA7 алаңында Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаевтың Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топтың (IPCC) төрағасы Джим Скеамен екіжақты кездесуі өтті.

Кездесуде ғылыми ынтымақтастық, деректермен және ғылыми сараптамамен алмасу, Орталық Азия өңірін халықаралық климаттық циклге интеграциялау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, IPCC өкілдері 2026 аймақтық экологиялық саммитіне шақырылды.