
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары және UNEP атқарушы директоры Ингер Андерсен ханыммен екіжақты кездесу өткізді.
Кездесуде UNEP-тің Тегеран конвенциясының (Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік Конвенция) уақытша Хатшылығы ретіндегі рөлі атап өтілді. Сондай-ақ, стратегиялық әріптестік мәселелері, Қазақстан мен Орталық Азиядағы экологиялық сын-қатерлерді шешуге арналған перспективалық жобалар, сондай-ақ UNEP-тің 2026 жылы Астанада өтетін өңірлік экологиялық саммитке қатысуы талқыланды.