Қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі мәселелері БҰҰ-Хабитаттың атқарушы директорымен талқыланды

Қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі мәселелері БҰҰ-Хабитаттың атқарушы директорымен талқыланды

UNEA7 алаңында Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаевтың БҰҰ Бас Хатшысының Орынбасары – БҰҰ-Хабитат атқарушы директоры Аннаклаудия Россбах ханыммен екіжақты кездесуі өтті.

Кездесуде қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, БҰҰ-ның Климаттың өзгеруіне төзімді қалалар мен қауымдастықтар құру жөніндегі Хабитат тәжірибесі мен сараптамасын ескере отырып, Қазақстанда Каспий теңізінің жағалауын бейімдеу жөніндегі жобаны іске асыру мүмкіндігі.

Сондай-ақ БҰҰ-Хабитат өкілдері 2026 аймақтық экологиялық саммитіне шақырылды.