Қазақстан мен Кения экология мен климат саласында ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Кения экология мен климат саласында ынтымақтастықты нығайтуда

БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі Ассамблеясының 7-сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаевтың Кения Республикасының Қоршаған орта, климаттың өзгеруі және орман шаруашылығы министрі Дебора Бараса ханыммен екіжақты кездесуі өтті.

Кездесу барысында орман шаруашылығы, экологиялық сын-қатерлерді еңсеру және климаттың өзгеруіне бейімделу салаларында ынтымақтастық орнату мен тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ қазақстандық тарап Кенияны 2026 жылы Қазақстанда өтетін Өңірлік экологиялық саммитке қатысуға шақырды.