ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесуі туралы хабарландыру

ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесуі туралы хабарландыру

2025 жылғы 13 желтоқсанда ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж. Әлиев Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.

📍Кездесу орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, «Достық үйі» №9 үй.

Бағдарлама:
10:00 – 11:00 — азаматтарды жеке қабылдау;
11:00 – 12:30 — халықпен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесу;
12:30 – 13:00 — өңірлік БАҚ-пен брифинг.

Кездесу тікелей эфирде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми парақшаларында («Facebook», «YouTube») көрсетіледі.

📞 Кездесуге жазылу үшін ұялы тел. 8 (701) 100-44-66
📧 Электрондық пошта: s.koblashov@ecogeo.gov.kz 

Барша азаматтарды белсенді қатысуға және ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министріне сұрақ қоюға шақырамыз!