Орталық және Батыс Азия бойынша АДБ Бас директорымен кездесу

Орталық және Батыс Азия бойынша АДБ Бас директорымен кездесу

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Орталық және Батыс Азия бойынша АДБ бас директоры Лея Гутиерреспен кездесті.

Тараптар экология саласындағы бірлескен ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.

Министр АДБ-ға декарбонизацияға қосқан үлесі үшін, соның ішінде NDC Advance бастамасы және жаңартылған ОНУВ 3.0 дайындығы, озық халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, қалдықтардың барлық түрлерін басқару тұжырымдамасын әзірлеуге техникалық қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Министр АДБ-ны 2026 жылы «мұздықтардан фермаларға» (G2F) бағдарламасына арналған өңірлік экологиялық саммит шеңберінде арнайы сайд-ивент өткізуге шақырды, сондай-ақ бейімделу, су тұрақтылығы және климаттық қаржыландыру мәселелері бойынша модераторлар мен спикерлерді анықтауда қолдау көрсетуді сұрады.

Энергетикалық ауысу тетігі жөніндегі жоба шеңберінде АДБ-ның өзара іс-қимылын атап өтіп, қазақстандық тарап оны іске асыруға қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Өз кезегінде АДБ Бас директоры Лея Гутиеррес министрге өңірлік экологиялық саммитке шақырғаны және жоғарыда аталған тұжырымдаманы әзірлеу барысында қатысқан банк сарапшыларының жұмысына назар аударғаны үшін алғысын білдірді. Ол банктің Қазақстанның экологиялық бастамаларын іске асыруда одан әрі қолдау көрсетуге дайын екендігін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен әріптестікті одан әрі нығайтуға үміт білдірді.