
Министрліктер үйінде орналасқан азаматтарды қабылдау орталығында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиевтің қатысуымен азаматтарды жеке қабылдау өтті.
Кездесу барысында тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеуге, қайта өңделетін шикізаттан өнімді одан әрі шығаруға, ҚТҚ полигондарын салуға, өнеркәсіптік қалдықтарды сақтауға және экологиялық заңнаманы сақтауға байланысты мәселелерді көтерді. Вице-министр әрбір өтініш бойынша түсініктеме беріп, профильдік департаменттер мен комитеттерге мәселелерді бақылауға алуды тапсырды.
Азаматтарды қабылдау орталығы мемлекет пен халықтың өзара іс-қимылының сапасын арттыру үшін құрылған. Орталықта келушілер кез келген мемлекеттік органға өтініш бере алады, ведомство өкілдерінен, медиаторлардан және заң мамандарынан кеңес ала алады. Сондай-ақ, мұнда мемлекеттік органдардың басшыларына жеке қабылдауға жазылу мүмкіндігі қарастырылған.