Ауыл әкімдері диалог-платформасы

Ауыл әкімдері диалог-платформасы

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев Ауыл әкімдері диалог-платформасы аясында «Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану контекстінде ауыл шаруашылығын дамыту» панельдік сессиясына қатысты.

Өз сөзінде Министр ауыл шаруашылығын дамыту және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелеріне, Министрліктің жүргізіп жатқан жұмыстарына қысқаша тоқталды.

Спикердің негізі сөзі ауыл тұрғындары жиі көтеретін мәселелерге бойынша болды. Атап айтқанда: қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары, киіктердің санын реттеу, ауылдық елді мекендерді көгалдандыру мәселесі, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын іске асыруға қатысты.

Панельдік сессияға қатысушылар ауыл әкімдері мен орталық мемлекеттік органдардың жұмысын жандандыру мүмкіндіктерін талқылады.