Азаматтарды жеке қабылдау

Азаматтарды жеке қабылдау

Бүгін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Ақмола облысы Қоянды кентінің аумағында қалдықтарды рұқсатсыз көму мәселелері бойынша азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.

Қабылдау барысында айтылған проблемалық мәселелер бақылауға алынып тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тапсырмалар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік органдар басшылығының азаматтарды жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес жүйелі негізде өтеді.