Қалдықтардың барлық түрлерін басқару Тұжырымдамасы таныстырылды

Қалдықтардың барлық түрлерін басқару Тұжырымдамасы таныстырылды

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі қалдықтардың барлық түрлерін басқару жөніндегі жаңа Тұжырымдаманы таныстырды. Құжат қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы мәселелерді жүйелі түрде шешуге бағытталған.

Бүгінде сала да бірқатар мәселелер туындауда: қалдықтарды есепке алудың нақ еместігі, бірыңғай нормативтік-құқықтық базаның болмауы, ҚТҚ өңдеу деңгейінің төмендігі (25–26%), тағам және құрылыс қалдықтарын өңдеу инфрақұрылымының жоқтығы, сондай-ақ бизнес үшін қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан тиімсіздігі.

Тұжырымдаманың негізгі шаралары:

  • қалдықтарды толық түгендеу және Мемлекеттік кадастрды жаңарту;
  • барлық қалдық түзушілерді міндетті тіркеу және саланы цифрландыру;
  • заңнаманы біріздендіру және қалдық иелерінің жауапкершілігін арттыру;
  • тарифтерді қайта қарау, салықтық жеңілдіктер, ӨКМ жүйесін дамыту;
  • заманауи қайта өңдеу инфрақұрылымын қалыптастыру.

Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері есебінен жеіңілдетілген несие беру аясында 60 жоба келісімделіп, оның 22-сі қаржыландырылды. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында үш қоқыс жағу зауытын салу жоспарлануда.

Тұжырымдаманың нысаналы көрсеткіштері:

  • радиоактивті қалдықтардан басқа барлық қалдықтарды 100% түгендеу;
  • өнеркәсіптік қалдықтарды қайталама айналымға тартуды 10%-ға арттыру;
  • коммуналдық қалдықтарды полигондарға жөнелту көлемін кемінде 10%-ға төмендету.

Тұжырымдаманы іске асыру қалдықтарды басқарудың тиімді, ашық әрі экологиялық қауіпсіз жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.