CITES CoP20 стратегиялық ықпалы талқыланды

CITES CoP20 стратегиялық ықпалы талқыланды

23 қарашада Самарқандта жойылып кету қаупі төнген - CITES CoP20 жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның стратегиялық ықпалын арттыруға арналған жоғары деңгейлі диалог, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті сақтау мен жабайы табиғат объектілерінің саудасын реттеудің жаһандық тәсілдерінің талқылауы өтті.

Іс-шараны Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитеттің төрағасы Әзиз Абдухакимов, CITES Бас хатшысы Ивонн Игуэро және БҰҰДБ-ның Өзбекстандағы тұрақты өкілі Акико Фудзи ашты.

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Орталық Азия министрлерінің «Өңірдегі биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі инновациялық шешімдер» тақырыбындағы диалогына қатысты. Талқылауда сондай-ақ IUCN бас директоры Гретель Агилар және TRAFFIC International бас директоры Ричард Скоби сөз сөйледі.

Диалог Өзбекстан Үкіметі СИТЕС және БҰҰДБ хатшылығымен бірлесіп, жабайы фауна мен флора халықаралық саудасын реттеу жөніндегі міндеттемелерді іс жүзінде іске асыруға көшуді талқылау үшін ұйымдастырылған негізгі алаңға айналды.

Құжат жабайы түрлердің заңсыз саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы өңірлік ынтымақтастықты дамытуға және биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі бірлескен шараларды күшейтуге бағытталған.

Диалогта сөз сөйлеген Ерлан Нысанбаев осы саладағы ынтымақтастықты нығайту тек табиғат қорғау басымдығы ғана емес, сонымен қатар өңірлік қауіпсіздіктің, экономикалық тұрақтылық пен елдер арасындағы сенімнің маңызды факторы болып табылатынын атап өтті.

Министр Қазақстанда жабайы табиғат өнімдерінің шығу тегін қадағалайтын цифрлық жүйе енгізілгенін айтты. Бұл жүйе киік мүйізі, ағаш өнімі және CITES талаптарына бағынатын басқа да өнім түрлерінде сәтті сынақтан өтті.

Қадағалану тетігі бақылауды күшейтеді, жеткізу тізбектерінің ашықтығын арттырады және өнімнің тұрақты әрі заңды айналымын дамытуға ықпал етеді.

Жоғары деңгейлі пікірталастар барысында өңір елдері табиғат қорғау бастамаларын қаржыландырудың инновациялық шешімдері мен практикалық тәсілдерін ұсынды.

Іс-шара қорытындысы бойынша Самарқанд декларациясы мен 2026-2032 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына қол қойылды.