Ормандар және жердің деградациясы: үш Рио-Конвенция арасындағы синергия және Орталық Азияның жаһандық шешімдерге қосқан үлесі

Ормандар және жердің деградациясы: үш Рио-Конвенция арасындағы синергия және Орталық Азияның жаһандық шешімдерге қосқан үлесі

Белем қаласында өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP30) тараптарының 30-шы конференциясы аясында «Ормандар және жердің деградациясы: үш Рио-Конвенция арасындағы синергия және Орталық Азияның жаһандық шешімдерге қосқан үлесі» тақырыбында сайд-ивент өтті.

Іс - шара барысында ормандар мен тозған жерлерді қалпына келтіру, үш Рио конвенциясы мен ФАО хатшылықтарымен бірлесіп биоәртүрлілікті сақтау перспективалары талқыланды, сондай-ақ ЭЫДҰ тарапынан синергияны-климаттың өзгеруін, биоәртүрлілікті сақтауды және шөлейттенуге қарсы күресті іске асыру үшін қаржы құралдары таныстырылды.

Сайд-ивентке БҰҰ, Орталық Азия елдерінің табиғатты қорғау ведомстволарының, ғылыми қоғамдастықтың және үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысты.

Сессияға қатысушылар БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының (UNFCCC) үш Рио-конвенциясы, биологиялық әртүрлілік туралы Конвенция (CBD), шөлейттенуге қарсы Конвенция (UNCCD) және аймақтық бастамалар шеңберіндегі күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша 2026 Өңірлік экологиялық саммитке дайындық шеңберінде ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.