Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі, денсаулық және өнімділіктің төмендеуі

Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі, денсаулық және өнімділіктің төмендеуі

БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP30) тараптарының 30-шы конференциясы шеңберінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі серіктестермен бірлесіп «Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі, денсаулық және өнімділіктің төмендеуі» тақырыбына арналған сайд-ивент өткізді.

Іс-шарада климаттың өзгеруінің Орталық Азиядағы денсаулық пен еңбек өнімділігіне әсері туралы ғылыми шолу ұсынылды, бейімделу мен тұрақтылықты нығайтудың мүмкін жолдары, гендерлік бағдарланған саясаттар талқыланды.

Қатысушылар бірлескен іс-қимылдар мен шараларды ынталандыру және осы тұжырымдарды 2026 жылғы Аймақтық экологиялық саммиттің дайындық процесіне біріктіру үшін зерттеушілер, мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты күшейту туралы келісті.