Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының басшылығымен кездесу

Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының басшылығымен кездесу

Белен қаласында (Бразилия) COP30 аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының (IPCC) басшылығымен екіжақты кездесу өткізді.

Әңгіме барысында ғылыми-аналитикалық саладағы ынтымақтастықты тереңдету перспективалары және IPCC-тің 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммитке қатысуы талқыланды.

Орталық Азияның өңірлік сарапшыларын IPCC бағалау баяндамаларын дайындауға тартудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Тараптар одан әрі өзара іс-қимылға дайындығын растады.