Таза ауа және климат коалициясы хатшылығының басшысымен кездесу

Таза ауа және климат коалициясы хатшылығының басшысымен кездесу

COP30 алаңында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаев Таза ауа және климат коалициясы (CCAC) Хатшылығының басшысы Мартина Оттомен екіжақты кездесу өткізді.

Қазақстан CCAC тарапынан қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, метан шығарындыларын және басқа да қысқа мерзімді климаттық ластағыштарды азайту саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Орталық Азия үшін CCAC елдік бағдарламасына белсенді қатысып отырғаны және мониторинг, есептілік және верификация, сондай-ақ ауа сапасы жөніндегі шараларды ұлттық климаттық стратегияларға интеграциялау саласындағы әлеуетті нығайтуға ниетті екендігі атап өтілді.