
COP30 алаңында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаев SWITCH-Asia бағдарламасының жетекші сарапшысы Ранга Паллаваламен екіжақты кездесу өткізді.
Қазақстан SWITCH-Asia-ның айналмалы экономика қағидаттарын ілгерілетудегі және тұрақты тұтыну мен өндірісті жаңартылған ОНУВ-3.0-ге интеграциялаудағы маңызды рөлін атап өтті.
Тараптар климаттық тұрақтылықты нығайту және экономиканы жасыл трансформациялау бойынша одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін растады.