
БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы Тараптарының 30-шы конференциясы (COP30) аясында Жасыл климаттық қор мен Бразилияның Қаржы министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылған «Ұлттық платформалар арқылы климаттық шешімдерді іске асыру» атты жоғары деңгейдегі сессия өтті.
Іс-шара барысында Жасыл климаттық қордың қолдауымен 14 ұлттық климаттық платформаны құру жөніндегі жаңа бастаманың іске қосылғаны ресми түрде жарияланды. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Ұлттық платформалар саяси үйлестірудің тиімді тетіктерін қалыптастыруға, климаттық қаржыландыруды жұмылдыруға және ұлттық инвестициялық бағдарламаларға экологиялық басымдықтарды интеграциялауға бағытталған.
Бұл платформалар реформаларды, инвестициялық талдауды және жобалық бастамаларды мемлекеттік, жеке және аралас қаржылық ресурстарға қолжетімділікпен ұштастыра отырып, елдерге климаттық шешімдерді іске асыруда қолдау көрсету үшін құрылады.