Қазақстан СОР30 алаңдарында ССАС Елдік бағдарламасын іске қосу жөніндегі іс-шарада ұлттық басымдықтарды ұсынды

Қазақстан СОР30 алаңдарында ССАС Елдік бағдарламасын іске қосу жөніндегі іс-шарада ұлттық басымдықтарды ұсынды

2025 жылғы 14 қарашада СОР30 шеңберінде «Ластану деңгейі жоғары елдердегі іс-қимылдарды жеделдету» атты жоғары деңгейлі іс-шара өтті, онда Таза ауа және Климат жөніндегі коалицияның (ССАС) елдік бағдарламасының бірінші кезеңі ресми түрде іске қосылды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының атынан Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев қатысып, ұлттық мәлімдеме жасады.

Ол өз сөзінде Министрлік 2025 жылдың қазан айында Елдік бағдарламаға қатысуға ресми өтінім жібергенін және 2025 жылдың 30 қазанында Қазақстан үш жыл мерзімге қаржылық қолдау алу үшін таңдалғанын атап өтті. Бұл қаражат қысқа мерзімді климаттық ластаушы заттарды азайту, соның ішінде мамандандырылған техникалық көмек алу бойынша ұлттық саясаттың 3-5 негізгі басымдықтарын ілгерілетуге бағытталады.

Бағдарламаны іске қосу халықаралық ынтымақтастықты нығайту және климаттың өзгеруіне қарсы шараларды жеделдету үшін маңызды қадам болды.