Дөңгелек-үстел «Қазақстанда Орхус конвенциясының қағидаттарын іске асыру: нәтижелері және одан әрі дамудың басым бағыттары»

Дөңгелек-үстел «Қазақстанда Орхус конвенциясының қағидаттарын іске асыру: нәтижелері және одан әрі дамудың басым бағыттары»

2025 жылғы 14 қарашада Астанада гибридті форматта «Қазақстанда Орхус конвенциясының қағидаттарын іске асыру: нәтижелері және одан әрі дамудың басым бағыттары» тақырыбында жыл сайынғы дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен "Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы" РМК-мен бірлесіп ұйымдастырды. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев мырза, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің басшысы Алексей Рогов мырза, Өңірлік Орхус орталықтарының өкілдері, ҮЕҰ және тәуелсіз сарапшылар қатысты.

Қатысушылар Қазақстанда Орхус конвенциясын іске асырудың өзекті мәселелерін, соның ішінде экологиялық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуді, шешімдер қабылдау процестеріне жұртшылықтың қатысуын және экологиялық құқықтарды сотта қорғау тетіктерін дамытуды талқылады. Өңірлік Орхус орталықтарының қызметіне, олардың халықпен жұмыс істеудегі практикалық тәжірибесіне, диалог алаңдарын дамытуға және өңірлерде экологиялық бастамаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.

Сессия барысында спикерлер Конвенция қағидаттарын әртүрлі салаларда енгізу тәжірибесін ұсынды: қоғамдық тыңдаулар өткізу, ЛШТТ ұлттық жүйесін іске асыру, экологиялық ағарту, халықтың экологиялық қауіпсіздік мәселелерін шешуге қатысуы, сондай-ақ ҮЕҰ мен бизнес-құрылымдардың экологиялық мәдениетті ілгерілетуге және климаттың өзгеруіне бейімделуге қосқан үлесі.

Экологиялық білім беру және ағарту жөніндегі бастамалар, "Taza Qazaqstan" республикалық акциясын өткізу, экологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған жастар мен қоғамдық жобаларды дамыту жеке қаралды.

Іс-шара мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, ҮЕҰ және сарапшылар арасында тәжірибе алмасу алаңына айналды. Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар Орхус конвенциясын іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру, экологиялық ағартуды дамыту, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және азаматтық қоғамның экология мәселелеріне қатысуын кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірледі.