Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы Елшісімен кездесу

Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы Елшісімен кездесу

2025 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Нидерланд Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Нико Схермерспен кездесті.

Тараптар қалдықтарды басқаруды, «жасыл» технологияларды енгізу мен биологиялық әртүрлілікті сақтауды қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау саласындағыдағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Қазақстан Нидерландыны орнықты даму мен инновациялар саласындағы көшбасшы елдердің бірі ретінде қарастыратынына тоқталып, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін әлеует бар екенін атап өтті. Климаттың өзгеруіне бейімделу, төмен көміртекті экономиканы дамыту және қалдықтарды қайта өңдеудің заманауи технологияларын қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Министр голландық тарапты 2026 жылы 22-24 сәуірде Астанада өтуі жоспарланған Орталық Азия өңірлік экологиялық саммитінің белсенді қатысушысы болуға шақырды.

Өз кезегінде, Елші Нико Схермерс Нидерландыда голландтық сарапшылар мен компанияларды тарту арқылы қалдықтарды азайту және қайта өңдеу, сондай-ақ Саммитке қатысу бойынша бірлескен жұмысқа дайын екендігін білдірді.  

Кездесу соңында тараптар жаһандық экологиялық сын-қатерлерді шешу жолында ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен бастамаларды ілгерілетуге өзара қызығушылық білдірді.