Ү.ж. 16 қазанда Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-румын үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) тең төрағалары телефон арқылы сөйлесті.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев пен Румынияның Экономика, энергетика және іскерлік орта министрі Вирджил Попеску екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ ҮАК 15-ші отырысын бейне-конференция форматында өткізуге дайындық барысын талқылады.