
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М. Ошурбаев Италия Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігінің Орталық Азия бойынша үйлестіруші, Төтенше және Өкілетті Министрі Фаилла Федерикомен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі және биологиялық әртүрлілікті сақтау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Вице-министр Қазақстанда экология және климаттың өзгеруі саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы атап өтіп, Италия тарапын 2026 жылы 22-24 сәуірде Астана қаласында өтетін Орталық Азияның Өңірлік экологиялық саммитіне белсенді қатысуға шақырды.
Сондай-ақ кездесу барысында екі елдің қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша тиісті министрліктері арасында өзара іс-қимыл орнату мақсатында ведомствоаралық өзара түсіністік туралы меморандум жасасу мәселесіне ерекше назар аударылды. «Меморандум – қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуды қамтамасыз ету мәселелеріндегі ынтымақтастығымызды жаңғыртудың жақсы мүмкіндігі», – деп атап өтті вице-министр.
Өз кезегінде Ф. Федерико 2025-2026 жылдарға арналған Орталық Азия мен Италия арасындағы бірінші саммиттің іс-қимыл жоспарын іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, 2026 жылы мемлекеттік басқару кадрларын даярлауға және біліктілігін арттыруға бағытталған дипломатиялық мектептің ашылуы жоспарланып отырғанын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экологиялық сын-қатерлерді шешу жөніндегі тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға үміт білдірді.