
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М. Ошурбаевтың және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының Өңірлік директоры Николя Ралломен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар тұрақты авиациялық отынды өндіру және пайдалану, халықаралық авиациядағы көміртегі шығарындыларын өтеу және қысқарту тетігін (CORSIA) іске асыру мәселелерін, сондай-ақ тұрақты авиациялық отын саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
Тұрақты авиациялық отынды (SAF) және көміртегі шығарындылары төмен басқа да отын түрлерін пайдалануға көшу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осығанбайланысты, Қазақстанда «ҚазМұнайГаз» компаниясының тұрақты экологиялық авиациялық отынның (SAF) өндіруі және енгізуі жөніндегі пилоттық жобасын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар болашақта өзара тиімді ынтымақтастықтың жалғасатынына үміт білдірді.