Душанбе қаласында Орталық Азия экожүйелерінің тұрақтылығын нығайту және пандемиялардың алдын алу мақсатындағы «Біртұтас денсаулық» бастамасы бойынша Өңірлік конференция өтті

Душанбе қаласында Орталық Азия экожүйелерінің тұрақтылығын нығайту және пандемиялардың алдын алу мақсатындағы «Біртұтас денсаулық» бастамасы бойынша Өңірлік конференция өтті

Душанбе, 2025 жылғы 31 қазан. 2025 жылғы 29–31 қазан аралығында Тәжікстан Республикасының астанасында Орталық Азиядағы пандемиялардың алдын алу, азық-түлік жүйелерінің тұрақтылығын және экожүйелердің саулығын қамтамасыз ету мақсатында «Біртұтас денсаулық» (One Health) жөніндегі Өңірлік конференция өтті. Конференцияға өңірдің бес елінен келген денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, экология министрліктерінің өкілдері мен халықаралық серіктестер қатысты.

Конференция трансшекаралық биологиялық қауіптерге дайындықты арттыру, ерте ескерту жүйелерін дамыту және «Біртұтас денсаулық» (One Health) тәсілін ұлттық және өңірлік саясаттарға енгізу жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды талқылаудың маңызды алаңына айналды.

Конференция шеңберінде «Біртұтас денсаулық» жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Онда қатысушылар келесі мәселелерді талқылады:

• Кеңес туралы Ереженің жобасы мен оның мандаты;

• Алдағы жылға арналған жұмыс жоспары;

• Адамдар, жануарлар және қоршаған орта денсаулығына төнетін қауіптерді ерте анықтауға бағытталған өңірлік деректер алмасу платформасын әзірлеу.

Отырыстың қорытындысы бойынша, бес ел делегацияларының дауыс беру нәтижесінде Кеңестің төрағасы болып Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық мәдениет және саясат департаментінің директоры Даулет Есмагамбетов сайланды.

Кеңестің құрылуы «Біртұтас денсаулық» тұжырымдамасы аясындағы өңірлік ынтымақтастықты институционалдандыру жолындағы маңызды қадам болды.